Accessibility links

RWB: Баку журналистерді қудалауын доғарсын


Reporters Without Borders ұйымының логотипі (Көрнекі сурет).

"Шекарасы тілшілер" (RWB) халықаралық баспасөз еркін қорғау ұйымы әзербайжандық үш журналист ұсталған соң Әзербайжан билігін елде сөз бостандығын шектеуді доғаруға шақырды.

22 қарашада билік әзербайжандық Azel.tv сайтының редакторы Афган Садыховты "әлдебір әйелмен болған жанжалдан соң" ұстаған. Оған "ауыр жағдайда шабуылдады" деген айып тағылған.

25 қарашада осыған ұқсас сылтаумен әзербайжандық "Канал 13" сайтының тілшісі, Таулы Қарабақтан шыққан босқындар тұратын елді мекендегі ауыз су мәселесін қамтыған Теймур Керимов ұсталған.

Оппозициялық "Йени Мусават" опозициялық газетінің журналисі Замина Гаджиді полиция Facebook-тегі жазбасына байланысты 28 қарашада Бакуде полиция бөлімшесінде бірнеше сағат ұстаған. Журналист жазбасында биліктің атышулы төрт кісі өліміне қатысты ары қарай тергеу жүргізуден бас тартуына қатысты наразылығын білдірген. Полиция оны "елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа күмән келтіреді" деп айыптайды.

Әзербайжанда журналистерді қамауда ұстау үшін оларға қарсы ойдан шығарылған айыптар жиі тағылады.

"Әзербайжан билігінің өзіне сенімді екені соншалықты, тіпті қуғындау әдістерін өзгертуге де талпынбайды" деп мәлімдеді RWB-дің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша бөлімінің жетекшісі Йоханн Бир.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG