Accessibility links

Алматыда Гейдар Джемаль жерленді


Ресей ислам комитетінің төрағасы Гейдар Джемаль жерленген қабір. Алматы, 6 желтоқсан 2016 жыл.
Ресей ислам комитетінің төрағасы Гейдар Джемаль жерленген қабір. Алматы, 6 желтоқсан 2016 жыл.

Бүгін Алматыда Ресей ислам комитетінің төрағасы Гейдар Джемаль жерленді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, марқұм Алматыдағы "Бағанашыл" ықшамауданындағы зиратқа жерленген.

Теолог, "Ресей ислам мұрасы" қоғамдық қозғалысы төрағаларының бірі Гейдар Джемальдің Алматыда 70 жасқа қараған шағында ауыр сырқаттан қайтыс болғаны туралы 5 желтоқсанда хабарланған.

Марқұмның жаназасы Алматының Орталық мешітінде шығарылды. Қоштасуға ондаған адам жиналды.

Әуелде марқұм Алматы іргесіндегі Кеңсай зиратына жерленеді деп хабарланған еді.

Гейдар Джемаль Ресей ислам комитетін 1993 жылдан басқарған. Ол "Солшыл майданның" үйлестіру кеңесін құрушылардың бірі болған. "Наразылар маршына" қатысқан.

1999 жылы Ресей мемлекеттік думасының сайлауына қатысқан. 2010 жылы ол Ресей оппозициясының "Путин кетуі тиіс" деп аталатын үндеуіне қол қойған.

Гейдар Джемаль Ресейдің "Бірінші арнасында" "Ныне" деп аталатын бағдарламасын, "Культура" телеарнасында "Все суры Корана" бағдарламасын және РТР телеарнасында "Тысяча и один ночь" бағдарламасын жүргізген. Ислам туралы алты кітаптың авторы.

Гейдар Джемаль Азаттықтың Орыс редакциясының эфирінде саясаттанушы, қоғам және ислам қайраткері ретінде талай рет сөйлеген.

XS
SM
MD
LG