Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Азаттықтың Тәжік редакциясы - Радио Озодидің Душанбедегі алты қызметкерінің аккредитациясын қайтарды. Редакция қызметкерлері жұмысына оралды.
25 қарашада Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Радио Озодидің алты журналисінің аккредитациясын қайтарып алған. Бұған Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызының сыртқы істер министрлігінде жаңа қызметке орналасқаны туралы материалдың жариялануы себеп болған. Душанбе аккредитациясын қайтарып алу шешіміне комментарий берген жоқ.
Қарашаның соңында "Журналистерді қорғау комитеті" (CPJ) Тәжікстан билігін Радио Озоди журналистерінің аккредитациясын дереу қайтарып беруге шақырған.
Радио Озоди Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің журналистерге аккредитациясын қайтарып бергеніне разы екенін білдіреді.