Accessibility links

Италия премьерінен отставкаға кейінірек кетуді сұрады


Маттео Ренци, Италия премьер-министрі.
Маттео Ренци, Италия премьер-министрі.

Италия президенті Серджо Маттарелла премьер-министр Маттео Ренциді парламент келесі жылдың бюджетін бекіткенге дейін отставкаға кетпей қоя тұруды сұрады. Италия ақпарат құралдарының хабарлауынша, бюджет туралы заң жобасы осы аптаның соңына дейін мақұлдануы мүмкін.

Ренци отставкаға кететіні туралы 4 желтоқсан күні - референдумда сайлаушылардың басым көпшілігі конституцияны өзгертуге қарсы дауыс берген соң жариялаған. Референдумға қатысқандардың 60 пайызға жуығы Италия премьері ұсынған реформаларды қолдаған жоқ.

Конституциялық реформада экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін үкіметтің құзіретін күшейтіп, қосымша өкілеттік беру қарастырылған еді. Ренци сенаттың өкілеттігін шектеуді, оның ішінде үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру құқығынан айыруды ұсынған.

XS
SM
MD
LG