Accessibility links

Президент Назарбаев жаңа министрлік құруды айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 2 желтоқсан 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 2 желтоқсан 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер және сауда министрлігін құруды ұсынды. Ол "сыртқы сауда мен инвестиция бірге болуы керек" екенін айтады.

"Үкімет инвестицияның және сауданың қайда екенін ажыратуы қажет. Сыртқы істер министрлігі көптеген елдердегідей сыртқы істер және сауда министрлігі болу керек шығар? Ал индустрия министрлігі индустриямен айналысу қажет" деді ол индустриализация бағдарламасымен ашылған жобалардың телекөпір таныстырылымында.

Президент Назарбаев үкіметке "үкімет құрылымын өзгерту ұсынысын бір апта ішінде жасауға" тапсырма берді.

XS
SM
MD
LG