Accessibility links

Өзбекстан 27 ел үшін виза режимін оңайлатпақ


Өзбекстандағы Бұхара қаласы. (Көрнекі сурет)

Өзбекстан 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап жиырма шақты елдің туристерін визасыз қабылдау тәртібін енгізбек. Uza.uz ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бұйрыққа ел президенті міндетін атқарушы Шавкат Мирзияев 2 желтоқсанда қол қойған.

Құжатқа қарағанда, 15 елдің (Австралия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Испания, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланд, Корея, Сингапур, Финляндия, Швейцария мен Жапония) азаматтары және тағы 12 елдің (АҚШ, Бельгия, Индонезия, Қытай (туристік топ құрамында), Малайзия, Франция, Вьетнам, Израиль, Польша, Венгрия, Португалия мен Чехия) 55 жасқа толған саяхатшылары Өзбекстанға 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз келе алады.

Ташкент бұл шара визалық тәртіпті жеңілдетіп, шетел азаматтарының Өзбекстанға келуін оңайлату үшін жасалғанын айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG