Accessibility links

Астанада туберкулезді бақылау мәселелерін талқылап жатыр


Еңбек мигранттары арасындағы туберкулезді трансшекаралық бақылау және емдеу мәселелері бойынша халықаралық конференция. Астана, 7 желтоқсан 2016 жыл.
Еңбек мигранттары арасындағы туберкулезді трансшекаралық бақылау және емдеу мәселелері бойынша халықаралық конференция. Астана, 7 желтоқсан 2016 жыл.

Астанада бүгін Қазақстандағы еңбек мигранттары арасында туберкулезді мемлекетаралық бақылау және емдеу шараларына қатысты халықаралық жиын басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелері талқыланып жатыр. Жиынға денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Орталық Азия елдері, Армения, Ресей және Украинаның миграциялық органдары мен ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаларының, АҚШ-тың USAID агенттігі, Халықаралық Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы федерациясы, АҚШ-тың Ратгерс ғаламдық туберкулез институтының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық миграция ұйымының өкілдері қатысып жатыр.

Конференцияда сөйлегендердің мәліметі бойынша, Қазақстанда биылғы жылдың он айында туберкулезбен ауыратын 177 мигрант тіркелген. Олардың 40-ы Маңғыстау облысы, 20-ы Алматы облысы, 14-і Оңтүстік Қазақстан облысы, 11-і Солтүстік Қазақстан облысында, 18-і Алматыда, 19-ы Астанада есепке алынған. Туберкулезбен ауыратын мигранттар қатарында Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркіменстан азаматтарымен қатар Африка елдерінен шыққандар да бар.

Қазақстан заңдары бойынша, еңбек мигранттарынан олар Қазақстанда үш айдан артық уақытқа қалып жұмыс істейтін болса ғана медициналық анықтама сұралады.

Конференция 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG