Accessibility links

Эр-Рияд "тыңшылық жасаған" 15 адамға өлім жазасын кесті


Бахрам Гасеми, Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.
Бахрам Гасеми, Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.

Сауд Арабиясында Эр-Рияд соты 15 адамға "Иранның мүддесіне тыңшылық жасады" деген айыппен өлім жазасын кесті. Соттың 6 желтоқсандағы үкімімен тағы 15 адам алты айдан 25 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Екі сотталушы ақталды.

Сотталғандарға "Иран барлау қызметімен ынтымақтаса отырып тыңшылық топ құрды", "Иранға саудиялық әскерилер туралы құпия ақпарат берді", "шииттер басым тұратын аудандарда тәртіпсіздіктерді қолдады" деген айыптар тағылған.

Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Гасеми Сауд Арабиясында Иранның пайдасына тыңшылық жасалды деген мәлімдемені жоққа шығарды.

Amnesty International халықаралық ұйымы бұл үкімді "әділ сотты келемеждеу және адам құқығын өрескел түрде бұзу" деп атады.

XS
SM
MD
LG