Семей қаласының маңында сегіз ауылдық округте ауа-райының қолайсыздығынан төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Жергілікті биліктің мәліметінше, Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Жазық, Жиенәлі, Знаменск, Қараөлең және Таңат ауылдық округтерінде ауа-райының салдарынан төтенше жағдай жарияланған.
Қарашаның соңынд аймақта жауын мен қар жауып, оның соңынан қатты аяз тұрған. Осының салдарынан Семей маңында малдарды жайылымға шығару қиындаған.