Астанадағы ЭКСПО көрмесінің құрылыс алаңында көпір конструкциясының құлауына "жобадағы қателік" себеп болды деп хабарлады бүгін "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының ресми өкіліне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған территориядағы екі ғимаратты жалғайтын көпір конструкциясы қарашаның ортасында құлаған.
"Кеше біз зерттеу қорытындысын алдық. Сараптамада материалдардың химиялық құрамынан бастап жобасына дейін тыңғылықты зерттеліп, конструкция жобадағы қателіктен құлады деген тұжырым жасалды" деген компанияның баспасөз хатшысы Сергей Куянов.
Конструкция құлауынан ешкім қаза тауып, зардап шекпеген. Ол кезде құрылыстың құлауына алдын ала болжам бойынша "металдың ауа-райының төмен температурасында сығылуы себеп" делінген.
"Қате мынадай: бізде бас мердігер - ортақ. Ол сегіз конструкцияның төртеуінің жобасын өзі жасаған. Үшеуіне қосалқы мердігер тартқан. Осы конструкцияны жобалаған қосалқы мердігер құрылысқа қажет метал типін дұрыс таңдамаған" деген Куянов.