Accessibility links

ШҚО: 12 жүк вагоны рельстен шығып кетті


Рельстен шығып кеткен жүк вагондары (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысында бүгін жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті деп хабарлайды "Қазақстан теміржолы" компаниясының баспасөз қызметі. Компания ақпаратына қарағанда, бүгін таңертең нөмірі 2305-жүк пойызының 12 вагоны Семей теміржол бөлімінің Семей-Шар учаскесінде жолдан шығып кеткен.

Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өзге пойыздар қозғалысының бөгелгені туралы да мәлімет жоқ. Жағдайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Соыңғы аптада осымен екінші рет жүк вагондары рельстен шығып кетіп отыр. 5 желтоқсанға қараған түні Қарағанды теміржол бөлімінің Қызылжар-Жаңаарқа учаскесінде 18 жүк вагоны жолдан шығып кеткен. Ол кезде оқиғаға рельстердің сынып кетуі себеп болды делінген.

XS
SM
MD
LG