Accessibility links

Комиссия Ақтөбедегі «діни ахуал» тұрақты деп санайды


Ақтөбе мешітінде. 9 маусым 2016 жыл.

Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы комиссиясның бүгін өткізген отырысында аймақтағы діни ахуалды тұрақты деп бағаланды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Комиссия мәжілісінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары 2017 жылы да жалғасатыны айтылған.

- Ақтөбеде радикалды көзқарастағы адам саны екі есе азайды. Бұрын осындай 94 адам болса, қазір олардың саны - 53. Бұл көп еңбектенгеннің нәтижесі, - деген жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Терроризмге қарсы комиссияның жиынында 25 желтоқсанға дейін террористік шабуылдан қорғалатындар тізіміндегі нысандарды толық тексеріп шығу туралы да айтылған. Облыс әкімі күштік құрылымдарға жыл соңына дейін бұл тізімді жаңартуды тапсырған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG