Accessibility links

Ренци отставкаға кетуге ресми түрде өтініш берді


Маттео Ренци, Италия премьер-министрі.
Маттео Ренци, Италия премьер-министрі.

Италия премьер-министрі Маттео Ренци 4 желтоқсандағы референдумда сайлаушылар өзі ұсынған конституциялық реформаларды қолдамаған соң президентке отставкаға кету туралы ресми түрде өтініш білдірді. Президент Серджо Маттарелла Ренциден жаңа үкімет кабинеті жасақталғанша премьер қызметін атқара тұруды сұрады. Матерралла кеңсесінің мәлімдеуінше, 8 желтоқсанда саяси партиялармен кеңесу басталады.

Ренци алғаш 5 желтоқсанда отставкаға кететіні туралы өтініш білдірген еді. Бірақ президент одан парламент келесі жылдың бюджет жобасын мақұлдағанша қызметінде қала тұруды сұраған.

Референдум қорытындысы Еуропа Одағындағы экономикалық қуаты жағынан үшінші ел саналатын Италияны экономикалық дағдарыс күйіне түсіріп, инвесторлардың алаңдаушылығын тудыра бастаған. Сарапшылар саяси тұрақсыздық Италияның онсыз да осал банк саласын шайқалтып, еуро мен Еуропа Одағына қарсы партиялардың күш алуына мүмкіндік тудыруы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG