Accessibility links

Ирландия Ходорковскийдің активін бұғаттан шығарды


Михаил Ходорковский, ресейлік бұрынғы олигарх.

Ирландия соты бұрынғы ресейлік олигарх әрі Кремльдің бәсекелесі Михаил Ходорковскийдің 100 миллион долларға тең активін бұғаттан шығарды. Дублиннің аудандық сотының судьясы Тимоти Люси 2011 жылдан бастап бұғауланған активке одан ары шектеу қоюдың себебі жоғын мәлімдеді. Ходорковскийдің активтері ол Ресейде қаржы жымқырды деген айыппен сотталғаннан бір жылдан соң бұғауланған.

Ирландия билігі әзірге полиция айыпқа қатысты өз тергеуін жүргізіп болғанша қаржыны пайдалануға рұқсат бермейді.

"Мен троллерді уайымға саламын. Ирландия соты менің 2011 жылдан бері бұғауда тұрған есепшотымды ашу туралы өтінішімді қолдады" деп жазды Ходорковский Twitter-де.

ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы әрі бір кездері Ресейдегі ең бай адамдардың бірі болған Ходорковский Ресейде салық төлеуден жалтарды және қаржы жымқырды деген айыппен сотталып, 10 жыл түрмеде отырған. Ходорковский өзіне қарсы істің саяси астары бар деп санайды. Ол 2013 жылы Ресей президенті Владимир Путин рақымшылық жасап, босатылған соң Ресейден кетіп қалған. Ол Швейцария мен Ұлыбританияда тұрып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG