Accessibility links

Тегеран Мэйдің "Иран қаупі" туралы мәлімдемесін терістеді


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парсы шығанағы елдері ынтымақтастық кеңесінің жиынында. Бахрейн, 7 желтоқсан 2016 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парсы шығанағы елдері ынтымақтастық кеңесінің жиынында. Бахрейн, 7 желтоқсан 2016 жыл.

Тегеран Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің Парсы шығанағы елдері басшыларының кездесуінде Ираннан "қауіп төнетіні" туралы мәлімдемесін терістеді. "Ұлыбритания өзге елдерді аймақтық істерге килігіп отыр деп айыптайтындай жағдайда емес" деп мәлімдеді Тегеранда Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Гасеми. Ол Мэй өзінің мұндай мәлімдемесімен "Парсы шығанағындағы кейбір елдерге олармен қару-жарақ сату туралы жаңа келісім жасасу үшін жағынғысы келді" деген пікір білдірді.

Мэй 7 желтоқсанда Бахрейнде Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесінің өкілдерімен кездесуінде өткен жылы әлемдік державалардың Иранмен жасаған ядролық келісімнің аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өмірлік маңызы барын мәлімдеген. Оның сөзінше, келісім Тегеранды таяу онжылдықта ядролық қару иелену мүмкіндігінен айырды.

Мэй Ираннан "аймаққа қауіп төніп тұрғанын" анық байқайтынын да айтқан. Ол "бұл қауіпке қарсы тұру үшін" Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірген. "Біз сонымен қатар Иранның аймақтағы, мейлі ол Ливанда, Йеменде, Сирия немесе Парсы шығанағының өзінде болсын, басқыншылық іс-қимылына тойтарыс беру үшін ортақтаса жұмыс істеуіміз керек" деген Мэй.

XS
SM
MD
LG