Accessibility links

Кремль: "Роснефть" компаниясын жартылай жекешелендіру аяқталды


Ресей президенті Владимир Путин мен "Роснефть" компаниясының басшысы Игорь Сечин.
Ресей президенті Владимир Путин мен "Роснефть" компаниясының басшысы Игорь Сечин.

Кремль Ресей швейцариялық Glencore компаниясы және Катардың ұлттық әл-ауқат қоры консорциумымен мемлекеттік "Роснефть" мұнай компаниясындағы 19,5 пайыздық үлесін жекешелендіру жөніндегі құны 11 миллиард доллар болатын келісімді аяқтағанын мәлімдеді. Келісім жасалғаны туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Владимир Путинмен және "Роснефть" басшысы Игорь Сечинмен кездесуден соң хабарлады.

Ресейлік ТАСС агенттігінің ақпаратына қарағанда, консорциум мүшелеріне теңдей үлес тиеді. Ресей билігі рецессия жалғасып жатқан тұста мемлекеттік активтерін жекешелендіру науқанын күейтіп жатыр. Песковтың сөзіне қарағанда, Путин келісімді "2016 жылғы әлемдік энергетикалық нарықтағы ең ірі келісім" деп атады.

XS
SM
MD
LG