БҰҰ-ның азаптауды тергеу жөніндегі арнайы өкілі Нильс Мельцер Франция билігін қамауда отырған қазақстандық бұрынғы олигарх Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадицияламауға шақырды. БҰҰ-ның адам құқығы жөнндегі бас комиссары сайтында 7 желтоқсанда хабарланғандай, Мельцер "Франция қандай да бір адамды азаптауға ұшырау мүмкіндігі жоғары елге беріп жебермеуі тиіс" деген.
БҰҰ комиссары уәкілінің дерегінше, ертең, яғни 9 желтоқсанда Францияның жоғарғы әкімшілік соты - Мемлекеттік кеңес Франция премьер-министрінің Әблязовті Ресейге экстрадициялау туралы бұйрығын жою, я жоймау туралы шешім шығаруы тиіс.
Қазақстандық "БТА банктің" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов 2013 жылдың жазынан бері Францияның оңтүстігінде Украина мен Ресейдің қаржылық алаяқтық туралы айыптауы негізінде қамауда отыр. Ресей мен Украина Франциядан оны қайтаруды сұраған. Қазақстан билігі Әблязовті "банктің 6 миллиард қаржысын жымқырды" деп айыптап, іздеу жариялаған. Қазақстан азаматтарын экстрадициялау туралы Астана мен Париждің арасында келісім жоқ.
"Егер Мемлекеттік кеңес экстрадициялау туралы ордерді мақұлдаса, онда Әблязов бірнеше күн, тіпті бірнеше сағаттан соң Ресейге табысталуы мүмкін. Ал Ресей оны үлкен азаптау күтіп тұр деуге толық негіз бар Қазақстанға беріп жіберуі әбден кәдік" дейді Нильс Мельцер.
БҰҰ уәкілі Ұлыбритания 2011 жылы Әблязов пен оның отбасына Қазақстанға оралса саяси қуғынға ұшырауы мүмкін деген қауіпті ескеріп саяси баспана бергенін айтады.
Мельцердің мәлімдеуінше, апелляциялық соттың француз үкіметінен дипломатиялық куәландыруды талап етуі Францияны адам құқығы, гуманитарлық құқық пен босқындар құқығы, әсіресе экстрадицияламау туралы жөніндегі құқықтар бойынша өзіне алған міндеттемелерінен босатпайды". Уәкіл Ресей азаптауға ұшырауы мүмкін адамдарды қайтармау туралы принципке қарамастан Минск конвенциясы бойынша оған мүше елдерге сұраған адамын қайтарып бере салуы мүмкін дейді.