Accessibility links

Ақтөбеде тағы бір тұрғын "терроризм" айыбымен сотталды


Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сот ғимараты (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, ақтөбелік Нұрнияз Сарқұлов "терроризмді насихаттады" деп айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот мәліметіне қарағанда, 23 жастағы Сарқұлов "өз ортасында терроризмді насихаттап, Ресейдегі кәпірлер мен Ақтөбедегі күштік құрылым қызметкерлеріне шабуыл жасауға" шақырған.

Тергеу материалдарына қарағанда, Нұрнияз Сарқұлов "радикалды исламды" ұстанған. Биыл тамыз айында ол екі танысымен кездесіп, өзінің діни көзқарасын таңбақ болады. Оларды "кәпірлерге" қарсы тұруға үгіттеп, Сирия жеріндегі соғыс үшін Ресейді кінәлаған. Ақтөбедегі күштік құрылым өкілдеріне шабуылдап, одан соң Ресей аумағына бармақ болған.

Нұрнияз Сарқұлов сот алдында өзіне тағылған айыпты мойындаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG