Accessibility links

Қазақстан президенті пәкістандық әріптесіне көңіл айтты


Апатқа ұшыраған ұшақ. Пәкістан, 8 желтоқсан 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістандағы кешегі ұшақ апатына байланысты сол елдің президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Пәкістан халқына көңіл айтқан.

Кеше Пәкістанның Читрал қаласынан Исламабадқа ұшып шыққан PK-661 рейсі Исламабадтан солтүстікке қарай 70 километр жердегі Хайбер-Пахтунхва провинциясының Хавилян қаласына жақын маңда апатқа ұшыраған. Екі турбиналы ATR-42 ұшағында болған 48 адамның барлығы қаза тапқан.

"Пәкістан халықаралық әуе желісі" компаниясы өкілі ұшақтың ұшқышы қозғалтқыштың дұрыс жұмыс істемей тұрғанын хабарлағаннан кейін бірден апат белгісін жібергенін, бұдан соң ұшақпен байланыс үзілгенін айтады. Тоғыз жыл бұрын пайдалануға берілген ұшақ бұған дейін техникалық тексеруден өтіп, «ары қарай да қолдануға жарайды» деп танылған.

Қазір ұшақтың «қара жәшігі» табылып, тергеу жүріп, қаза тапқан жолаушылардың ДНК сараптамасы жасалып, марқұмдардың сүйектері туыстарына беріліп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG