Accessibility links

Бакуде азаматтық белсенді 10 жылға сотталды


Байрам Маммадов, әзербайжандық белсенді
Байрам Маммадов, әзербайжандық белсенді

Әзербайжан соты белсенді Байрам Маммадовты "есірткі саудалады" деген айыппен 10 жылға соттады. 21 жастағы Маммадов айыпты екенін теріске шығарып, өзін азаптау арқылы мойындатқанын мәлімдеді. Оның адвокаты сот процесінің саяси астары бар дейді.

Қазан айында осындай айыппен Маммадовтың серігі Кияс Ибрагимов те 10 жылға сотталған. Екеуі де оппозицияшыл НИДА тобының белсенділері саналады. Олар 9 мамырда Бакуде бұрынғы президент Гейдар Әлиевтің ескерткішіне "Құлдардың бақытты күні!" деп жазған соң ұсталған. Әзербайжанда 10 мамырда Гейдар Әлиевтің туған күні атап өтіледі.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы Бакуді белсенділерді дереу босатып, олардың өздерін азаптағаны туралы шағымын тергеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG