Accessibility links

Charlie Hebdo басылымына шабуыл ұйымдастырушының көзі жойылғаны хабарланды


«Ислам мемлекеті» экстремистік тобының астанасы саналатын Ракка қаласынан ондаған шақырым жердегі елді мекендердің біріндегі әуеге көтерілген түтін. Сирия, 9 қараша 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
«Ислам мемлекеті» экстремистік тобының астанасы саналатын Ракка қаласынан ондаған шақырым жердегі елді мекендердің біріндегі әуеге көтерілген түтін. Сирия, 9 қараша 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

АҚШ әскерилері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы жетекшілерінің бірі Бубакер әл-Хакимнің қарашаның 26-сы күні Сирияның Ракка қаласында әскери дроннан берілген соққыдан қаза тапқаны туралы хабарлады.

Тегі тунистік француз азаматы әл-Хаким 2015 жылдың басында Франция астанасында Charlie Hebdo басылымына жасалған шабуылды ұйымдастырғандардың бірі деп саналады. Ол радикалды исламшылдарға 2003 жылы АҚШ Иракқа қарсы әскери операция бастағаннан кейін қосылған.

2008 жылы Франция сот әл-Хакимді Парижде мұсылмандарды теракт жасауға тартпақ болғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырған.

2015 жылғы қаңтардың 7-і күні Парижде Charlie Hebdo журналы редакциясына жасалған қарулы шабуылдан 12 адам қаза тапқан. Шабуыл жасағандар Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялағаны үшін басылымнан кек алғандарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG