Accessibility links

Франция төтенше жағдай мерзімін 2017 жылғы жазға дейін ұзартады


2015 жылғы қарашадағы шабуылдардан кейін Париж көшесінде қауіпсіздікті қадағалап жүрген француз полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)
2015 жылғы қарашадағы шабуылдардан кейін Париж көшесінде қауіпсіздікті қадағалап жүрген француз полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)

Франция төтенше жағдай тәртібінің күшін 2017 жылғы шілдеге дейін ұзартады деп мәлімдеді елдің премьер-министрі Бернар Казнев. Оның сөзінше, үкіметтің тиісті ұсынысы желтоқсанның 13-і күні мақұлданбақ.

Парижде 2015 жылғы қарашаның 13-і күні 130 адамның өмірін қиған бірнеше террорлық шабуыл жасалғаннан кейін Францияда жарты жылға төтенше жағдай тәртібі жарияланған болатын. Кейін оның мерзімін бірнеше рет ұзартқан. Бұл уақыт ішінде исламшылдар Францияда тағы бірнеше үлкен шабуылдар жасаған.

Төтенше жағдай тәртібі билікке жаппай жиын-шерулер өткізуге тыйым салуға, қоғамдық орындарды жабуға және жекелеген аудандарда қозғалысты шектеуге құқық береді. Сонымен бірге елдегі қалаларда көше күзетін әскери қызметкерлер атқарады.

XS
SM
MD
LG