Accessibility links

ЕҚЫҰ адам құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға шақырды


Полиция қызметкерлері үкіметтің жер реформасына наразылық білдірушілерді ұстап жатыр. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Полиция қызметкерлері үкіметтің жер реформасына наразылық білдірушілерді ұстап жатыр. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік ассамблеясының адам құқығы жөніндегі комитеті желтоқсанның 10-ы, адам құқығы күні, ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға шақырды. Қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі аймақтық бұл ұйымға мүше Еуропа, Солтүстік Америка және Орталық Азияда орналасқан 57 мемлекет мүше. 1992 жылғы қаңтардан ұйымға мүше Қазақстан 2010 жылы постсоветтік елдер арасынан алғаш рет ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен.

Адам құқығы жөніндегі комитет төрағасы, испаниялық парламент мүшесі Санчес Амор ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттер Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген адам құқықтарын бұлжытпай қорғайтындығын растауы тиіс деп мәлімдеген. Бұл халықаралық құжатты 1948 жылы желтоқсанның 10-ы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған.

Бұған дейін халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Қазақстанда биылғы жылы да адам құқықтары мен бостандықтары сақталмай отырғанына назар аударып, ел үкіметін халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелерін орындауға бірнеше рет шақырған.

XS
SM
MD
LG