Accessibility links

Стокгольмде бүгін Нобель сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді


Нобель сыйлығы иегеріне тапсырылатын медальдің екі беті.
Нобель сыйлығы иегеріне тапсырылатын медальдің екі беті.

Швеция астанасында бүгін Нобель сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді. Биыл бұл сыйлыққа 11 адам ие болған, бірақ сыйлықты тапсыру салтанатына 10 адам ғана қатысады, ал әдебиет саласы бойынша сыйлық иегері атанған америкалық музыкант Боб Дилан бүгінгі шараға қатыса алмайды деп хабарланған.

Стокгольмдегі концерт залында өтетін салтанатты рәсімде сыйлық лауреаттарына диплом мен алтын медаль тапсырылады, одан кейін олардың құрметіне қалалық ратушада король қонақасы береді. Келесі күні лауреаттарға сыйлықтың ақшалай бөлігі табыс етіледі.

Швед кәсіпкері, өнертапқыш Альфред Нобельдің (1833-1896) өсиеті бойынша оның атындағы сыйлық 1901 жылдан бастап жыл сайын бес номинация бойынша: химия, физика, медицина, әдебиет салаларында жетістікке жеткен және бейбітшілікке үлес қосқан адамдарға беріледі. Нобель сыйлығының ақшалай бөлігінің көлемі Нобель қоры бағалы қағаздарының құнына байланысты белгіленеді және бір миллионға жуық долларды құрайды.

XS
SM
MD
LG