Accessibility links

Балуан Әбілдина әлем чемпионатында қола медаль алды


Қазақстандық балуан Айым Әбілдина (Фото авторы - Жеңіс Ысқабай).
Қазақстандық балуан Айым Әбілдина (Фото авторы - Жеңіс Ысқабай).

10 желтоқсанда Венгрия астанасы Будапеште басталған күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Айым Әбілдина қола медаль иеленді.

Әйелдер күресінен 55 килограмда белдескен ол 1/8 финалда польшалық Роксана Марта Засинадан, ширек финалда украиналық Татьяна Киттен басым түсті. Ал жартылай финалда жапониялық Мая Мукаидадан жеңілді. Қола медальға таласта венгриялық Рамона Галамбосты таза жеңді.

Айым Әбілдина осыған дейін Азия чемпионатында бес қола медаль иеленген. Азия ойындарының да қола жүлдегері.

Венгриядағы әлем чемпионаты 12 желтоқсанда аяқталады

XS
SM
MD
LG