Accessibility links

Стамбулда екі жарылыстан ондаған адам қаза тапты

Жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Стамбул, Түркия, 10 желтоқсан 2016 жыл.

Түркияның Стамбул қаласында сенбінің кешінде болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлудың айтуынша, мерт болғандардың 27-сі – полиция қызметкерлері. Ол жарылысқа байланысты он адам ұсталғанын айтқан.

Билік өкілінің сөзінше, түркиялық «Бешікташ» және «Бурсаспор» футбол командалары арасында өткен ойыннан кейін Vodafone Arena стадионы маңында полицияның арнайы жасағы отырған автобустың қасында тұрған көлікте жарылғыш зат іске қосылған. Одан зардап шеккендердің көбі полиция қызметкерлері деп хабарланды.

Бірінші жарылыстан кейін бір минутке жетер-жетпес уақыт өткенде стадион жанындағы бақта екінші жарылыс болған. Полицияның хабарлауынша, бұл жарылысты жанкешті жасаған.

Түркия көлік министрі Ахмет Арслан Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасында Стамбулдағы жарылыстарды «теракт» деп атаған.

Түркия президенті Режеп Ердоған «террорлық шабуыл қауіпсіздік күштері қызметкерлері мен бейбіт адамдарға қарсы бағытталған» деп мәлімдеді.

Стамбулдағы жарылыстарға жауапкершілікті әзірше ешкім алған жоқ.

Стамбулдағы жарылыстар туралы фотогалерея:

Стамбулдағы жарылыстарда ондаған адам мерт болған

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, желтоқсанның 10-ы кешкісін түркиялық «Бешікташ» және «Бурсаспор» футбол командалары арасында өткен ойыннан кейін Стамбулдағы Vodafone Arena стадионы маңында полицияның арнайы жасағы отырған автобустың қасында тұрған көлікте жарылғыш зат іске қосылған.
1/8 Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, желтоқсанның 10-ы кешкісін түркиялық «Бешікташ» және «Бурсаспор» футбол командалары арасында өткен ойыннан кейін Стамбулдағы Vodafone Arena стадионы маңында полицияның арнайы жасағы отырған автобустың қасында тұрған көлікте жарылғыш зат іске қосылған.
Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 10-ы кешкісін Vodafone Arena стадионында өткен футбол матчынан кейін болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Мерт болғандардың көбі полиция қызметкерлері деп хабарлады билік. Жарылыстарға байланысты он адам ұсталған.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлудың айтуынша, жарылыстан мерт болған 27 адам – полиция қызметкерлері.
2/8 Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлудың айтуынша, жарылыстан мерт болған 27 адам – полиция қызметкерлері.
Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 10-ы кешкісін Vodafone Arena стадионында өткен футбол матчынан кейін болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Мерт болғандардың көбі полиция қызметкерлері деп хабарлады билік. Жарылыстарға байланысты он адам ұсталған.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жарылыс болған жерде тұрған көліктер.
3/8 Жарылыс болған жерде тұрған көліктер.
Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 10-ы кешкісін Vodafone Arena стадионында өткен футбол матчынан кейін болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Мерт болғандардың көбі полиция қызметкерлері деп хабарлады билік. Жарылыстарға байланысты он адам ұсталған.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Стамбул, Түркия, 10 желтоқсан 2016 жыл.
4/8 Жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Стамбул, Түркия, 10 желтоқсан 2016 жыл.
Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 10-ы кешкісін Vodafone Arena стадионында өткен футбол матчынан кейін болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Мерт болғандардың көбі полиция қызметкерлері деп хабарлады билік. Жарылыстарға байланысты он адам ұсталған.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Бірінші жарылыстан соң бір минутқа жетер-жетпес уақыттан кейін стадион жанындағы бақта екінші жарылыс болған. Полицияның хабарлауынша, бұл жарылысты жанкешті жасаған.
5/8 Бірінші жарылыстан соң бір минутқа жетер-жетпес уақыттан кейін стадион жанындағы бақта екінші жарылыс болған. Полицияның хабарлауынша, бұл жарылысты жанкешті жасаған.
Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 10-ы кешкісін Vodafone Arena стадионында өткен футбол матчынан кейін болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Мерт болғандардың көбі полиция қызметкерлері деп хабарлады билік. Жарылыстарға байланысты он адам ұсталған.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жарылыстан зардап шеккен полиция қызметкері. Стамбул, 10 желтоқсан 2016 жыл.
6/8 Жарылыстан зардап шеккен полиция қызметкері. Стамбул, 10 желтоқсан 2016 жыл.
Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 10-ы кешкісін Vodafone Arena стадионында өткен футбол матчынан кейін болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Мерт болғандардың көбі полиция қызметкерлері деп хабарлады билік. Жарылыстарға байланысты он адам ұсталған.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Түркия көлік министрі Ахмет Арслан Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасында Стамбулдағы жарылыстарды «теракт» деп атаған.
7/8 Түркия көлік министрі Ахмет Арслан Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасында Стамбулдағы жарылыстарды «теракт» деп атаған.
Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 10-ы кешкісін Vodafone Arena стадионында өткен футбол матчынан кейін болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Мерт болғандардың көбі полиция қызметкерлері деп хабарлады билік. Жарылыстарға байланысты он адам ұсталған.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Түркия президенті Режеп Ердоған «террорлық шабуыл қауіпсіздік күштері қызметкерлері мен бейбіт адамдарға қарсы бағытталған» деп мәлімдеді.
8/8 Түркия президенті Режеп Ердоған «террорлық шабуыл қауіпсіздік күштері қызметкерлері мен бейбіт адамдарға қарсы бағытталған» деп мәлімдеді.
Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 10-ы кешкісін Vodafone Arena стадионында өткен футбол матчынан кейін болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Мерт болғандардың көбі полиция қызметкерлері деп хабарлады билік. Жарылыстарға байланысты он адам ұсталған.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

​
XS
SM
MD
LG