Accessibility links

Қырғыз оппозиционері өзі қарсы болған референдумге дауыс беруге қатысты


Қырғызстанның «Атамекен» партиясы жетекшісі Омурбек Текебаев журналистерге сұхбат беріп тұр. Бішкек, 11 желтоқсан 2016 жыл.

Қырғызстан конституциясына өзгертулер енгізу жөнінде бүгін өтіп жатқан референдумге бұған дейін өзге саясаткерлермен бірге оған қарсылық білдірген қырғыз оппозициясы лидерлерінің бірі Омурбек Текебаев қатысты. Бішкектегі 1220-сайлау учаскесінде дауыс берген Текебаевтың айтуынша, ол дауыс беру процесінде құқық бұзушылық байқамаған. Азаттықтың Қазақ қызметіне ол бүгінгі референдумде «өз ұстанымын» білдіріп дауыс бергенін мәлімдеді. Оның пікірінше, конституцияға өзгерістер енгізуге ешқандай қажеттілік болмаған.

- [Бұрынғы президент Құрманбек] Бакиев билігі кеткеннен кейін қабылданған конституцияда оның 2020 жылға дейін өзгертілмейтіні айтылған еді. Ал мына референдум конституцияны кез-келген уақытта өзгерте беруге болады дейтін ескі түсінікке қайта оралғанымызды білдіреді, - деп мәлімдеді Текебаев.

Конституцияға өзгертулер енгізу туралы бастаманы Жогорку кеңештегі алты фракция – Қырғызстан социал-демократиялық партиясы, «Республика – Ата Жұрт», «Қырғызстан», «Онугуу - Прогресс» және «Бир бол» көтерген. Аталған партия өкілдері конституциялық реформаның басты мақсаты – үкімет құзыретін кеңейтіп, сот жүйесі реформасын жеделдету деп мәлімдеген.

Негізгі заңға өзгертулер енгізуге қарсы шыққан бұрынғы уақытша үкімет мүшелері арасында Омурбек Текебаев та бар. Ол 2010 жылы сәуір революциясы нәтижесінде Құрманбек Бакиев биліктен кетірілгеннен кейін елде жүргізілген саяси реформалардың, солардың арасында конституцияға енгізілген өзгертулер авторларының бірі болған еді.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG