Accessibility links

Татарстанда өндірістік базадағы өрттен бес адам көз жұмған


Өрт болған жерде жүрген төтенше жағдай қызметі өкілдері. Нижнекамск, Татарстан, Ресей, 11 желтоқсан 2016 жыл.

Ресей құрамындағы Татарстан республикасында Нижнекамск қаласындағы өндіріс орнында болған өрт салдарынан 5 адам опат болған.

Жексенбі күні таңғы сағат бестің шамасында Строитель кентіндегі өндірістік базада шыққан өртті төтенше жағдай қызметкерлері екі сағаттан кейін сөндірген, оқиға орнынан 5 адамның жансыз денелері табылған.

Өрттен зардап шеккен 4 адам ауруханаға жатқызылған, тағы екі адам ауруханаға жәрдем сұрап өздері барған.

Тергеу орындары бес адамның қазасына себеп болған өрт оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG