Accessibility links

Каирде копт шіркеуіндегі жарылыстан 20-дан аса адам мерт болған


Египет астанасы Каир қаласының көшесі. (Көрнекі сурет.)
Египет астанасы Каир қаласының көшесі. (Көрнекі сурет.)

Египет астанасы Каир қаласының орталығында елдегі копт христиандарының негізгі ғибадатханасы - қасиетті Марк шіркеуінде болған жарылыс салдарынан 20-дан астам адам мерт болып, 35 адам жараланған. Әзірше ешбір экстремистік ұйым не топ бұл жарылысқа жауапкершілікті алған жоқ деп хабарлады Reuters.

Жексенбі күні таңертең діни рәсім өтіп жатқан кезде шіркеудегі бөлмелердің біріне белгісіз адам жарлығыш зат лақтырған.

Египеттегі православ діни азшылығын құрайтын копт христиандары елдегі жалпы тұрғындар санының 9 пайызына жуығын, яғни шамамен 6 миллион адамды құрайды.

XS
SM
MD
LG