Accessibility links

Иран Boeing ұшақтарын сатып алу туралы келісім жасасты


Iran Air компаниясының басшысы Фархад Парвареш (сол жақта) Boeing компаниясының басшылығымен жолаушылар ұшағын сатып алу туралы келісім жасасу кезінде. Тегеран, 11 желтоқсан 2016 жыл.
Iran Air компаниясының басшысы Фархад Парвареш (сол жақта) Boeing компаниясының басшылығымен жолаушылар ұшағын сатып алу туралы келісім жасасу кезінде. Тегеран, 11 желтоқсан 2016 жыл.

Иранның мемлекеттік IRNA агенттігі Iran Air компаниясы мен америкалық Boeing компнаиясы арасында 16,6 миллиард долларға 80 Voeing жолаушылар ұшағын сатып алу туралы келісім жасалғанын хабарлады. Iran Air компаниясының басшысы Фархад Парварештің айтуынша, Boeing 737 типті 50 ұшақ, Boeing 777 типті 30 ұшақ сатып алу туралы келісімге 11 желтоқсанда Тегеранда қол қойылған.

Ұшақтар алдағы 10 жыл көлемінде жеткізіледі. Қыркүйекте АҚШ қаржы министрлігі Boieng және Airbus компанияларына Иранға миллиардтаған доллардың ұшағын сатуға рұқсат берген.

Келесі айда Иранның әлемдік державалармен жасаған келісімін сынаған Дональд Трамп президент қызметіне кіріседі. Ол келісім бойынша, Иран ядролық бағдарламасын тоқтатып, ооның қарымтасына Иранға салынған халықаралық санкциялардың біразы жойылған.

XS
SM
MD
LG