Accessibility links

Румыниядағы сайлауда социал-демократтар алда тұр


Ливиу Драгня, Румыния Социал-дкмократиялық партиясының жетекшісі.
Ливиу Драгня, Румыния Социал-дкмократиялық партиясының жетекшісі.

Румынияда сайлау учаскелерінен алынған сауалнама қорытындысы бойынша, парламент сайлауында социал-демократтар басымдықпен жеңіске жетіп тұр. Сауалнама мәліметтерінше, социал-демократтар сайлауда 45 пайыз дауыс алып, оңшыл Ұлттық либералдық партиядан әлдеқайда алға шыққан.

Өткен жылы Социал-демократиялық партия жетекшісі Виктор Понт басқаратын үкімет отставкаға кеткен. Оған Бухаресте 64 адамның өмірін қиып, мыңдаған адамның наразылық акциясына ұласқан түнгі клубтағы өрт себеп болған. Содан бері үкімет басшысы міндетін Еуропа комиссиясының бұрынғы мүшесі Дачиан Чолош уақытша атқарды.

11 желтоқсанда өткен сайлауда жеті сағат өткеннен кейінгі мәлімет бойынша сайлаушылардың 20 пайыздан сәл астамы ғана дауыс берген. Социал-демократтар "Либералдар мен демократтар альянсымен" коалиция үкіметін құрып, партия басшысы Ливиу Драгняны премьерлікке ұсынатынын мәлімдеді. Бірақ оның үстінен сайлау кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Румыния президенті Клаус Йоханнис заң бұзған адамды үкімет басшысы етіп тағайындамайтынын мәлімдеген. 19 миллион халқы бар Румыния Еуропа Одағының ең кедей және коррупцияға әбден батқан елдерінің бірі саналады.

XS
SM
MD
LG