Accessibility links

Бюро: Коррупциялық қылмыстың көбі балабақшада жасалады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы коррупциялық қылмыстардың 50 пайыздан астамы "мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыруда" жасалатынын мәлімдеді. Бюроның бүгін таратқан мәлімдемесінде 2013-2015 жылдар аралығында бір мезетте бірнеше балабақшаның есебінде тұрған мыңнан астам бала анықталғаны айтылады.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында коррупциялық қылмыстардың артуына балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты жариялау, балаларды балабақшаға кезекке қою жүйесінің жетілмеуі себепері аталады. Ұлттық бюро балабақшалардағы "ақша жинаудың" да үлкен проблема болып отырғанын айтады.

"Балабақшалар мен мектептерде "ата-аналар комитеті" деген бар. Олар ұйымдастыру мәселелерімен, оның ішінде ақша жинаумен де айналысады. Бұл жерде ақшаның қандай мақсатқа, қанша көлемде және қандай мерзімде жиналуы керегін білім беру мекемелерінің қызметкерлері анықтайды" делінген ұлттық бюро мәлімдемесінде.

Қыркүйектің басында коррупцияға қарсы қызмет Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы жеті ауылдың әкімін коррупциялық қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған. Тергеу мәліметінше, әкімдер балабақшалардың басшыларымен бірге балабақшаға баратын балалардың жалған тізімін жасаған. Ол балаларға деп бөлінген қаржы жымқырылған.

XS
SM
MD
LG