Accessibility links

Сербияда Сребреница қырғынына қатысты сот басталады


Сребреница түбіндегі 1995 жылы қырғынға ұшыраған босниялық мұсылмандар жерленген зират, Сербия.

Сербия астанасы Белградта бүгін 1995 жылғы Сребреница қырғынына қатысы бар деп айыпталған сегіз адамның соты басталады. Сегіз адамға Сребреницаға жақын Кравица қаласында жүздеген "мұсылманды өлтіруге бұйрық берді немесе өлтіруге қатысты" деген айып тағылған.

Сербия Сребреницадан шыққан 8 мың мұсылман ерлері мен ұл балаларын қыруға қатысты күдіктілерді бірінші рет соттағалы отыр. Күдіктілер - босниялық сербтердің "Яхорина" арнайы полиция жасағының мүшелері саналады. Олардың арасында қырғын жасауға бұйрық берді деп айыпталған жасақ командирі Неделько Милидрагович бар.

Күдіктілер айыпты деп танылса, 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бұрынғы серб әскери күштерінің командирі болған Ратко Младич Сребреница қырғынын ұйымдастыруға көмектесті деген айыппен Гаагада сотқа тартылып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG