Accessibility links

"Аль баракат компани" басшысының ісі сотқа жіберілді


Астанада салынып жатқан үйлердің бірі (Көрнекі сурет).
Астанада салынып жатқан үйлердің бірі (Көрнекі сурет).

"Аль баракат компани" құрылыс компаниясының директоры Бахытжан Тойымбетовке қатысты істің қосымша эпизодтары бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді деп хабарлады бүгін қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс департаменті.

Астана қалалық мемлекеттік кіріс департаменті биыл шілдеде "аса ірі көлемдегі қаржы жымқырды" деген айыппен сегіз жылға сотталған Тойымбетовтің үстінен осы істің қосымша эпизодтары бойынша тергеу жүргізген.

Тергеу мәліметінше, Бақытжан Тойымбетов "Аль баракат компани", "Шанырак строй КЗ", "АССЕМ" және "Селигер и К", "Косше-Копа" және "Kaz AVTO development" фирмаларын құру және бірнеше тұрғын үй кешеніне жеке адамдардың қаржысын тарту арқылы 800-ден астам адамның 1 миллиард 89 миллион теңгесін жымқырған.

Департамент қосымша тергеу барысында Тойымбетов ісінде құрылыс мәселелерін реттеумен айналысқан, бірақ фирма штатында тіркелмеген "Алибек Кабулов" деген адам болғаны анықталғанын айтады. Жедел тергеу шараларында оның Өзбекстанның Ойбек Кобилов есімді азаматы екені, 2005 жылы өз елінде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланғаны анықталған. Қазақстан билігі оны кейін Өзбекстанға экстрадициялаған.

XS
SM
MD
LG