Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антонио Гутерреш 12 желтоқсанда БҰҰ-ның жаңа бас хатшысы ретінде ант қабылдады. 2017 жылдың басында ол БҰҰ-ның қазіргі бас хатшысы Пан Ги Мунның орнын басады. Қазан айында БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары болып тұрған Гутеррештің кандидатурасын БҰҰ Бас аммамблеясы мақұлдаған.
67 жастағы Антонио Гутерреш құрылғанына 71 жыл толған БҰҰ-ның тоғызыншы бас хатшысы болмақ. Португалияның премьер-министрі және БҰҰ-ның босқындар ісімен айналысатын агенттігінің басшысы болып қызмет атқаруы Гутеррештің бас хатшылыққа 13 кандидаттың арасынан жеңіске жетуіне мүмкіндік тудырды.