Accessibility links

Головкин Гиннес рекордтар кітабына енді


Геннадий Головкин.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин "ең көп нокаутпен жеңіске жеткен боксшы" ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Головкин командасының баспасөз қызметі хабарлады.

Головкинге Гиннес рекордтар кітабының сертификаты 12 желтоқсанда Лос-Анжелесте өткен WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) конвенциясында тапсырылды.

Головкин кәсіпқой бокста 36 кездесу өткізіп, 33 жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жеткен. Кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген боксшы нокаут бойынша қазіргі әлем чемпиондары арасында ең жоғары проценттік көрсеткішке ие - 91,67%.

34 жастағы Головкин - орта салмақ дәрежесінде (160 фунт – шамамен 73 кг) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы тілшісі. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG