Accessibility links

АҚШ соты Пенсильваниядағы дауысты қайта санауды құптамады


Джиль Стейн, АҚШ-тың Жасылдар партиясының жетекшісі.
Джиль Стейн, АҚШ-тың Жасылдар партиясының жетекшісі.

АҚШ-тың Федералдық соты Пенсильвания штатындағы президент сайлауында берілген дауысты қайта санау туралы өтінішті қабылдамай тастады. Пенсильвания - республикашыл кандидат Дональд Трамп демократ Хиллари Клинтоннан аз ғана айырмашылықпен басым түскен үш штаттың бірі.

Жасылдар партиясының жетекшісі Джилл Стейн мен оның сайлауалды штабы Пенсильвания соты дауысты қайта санау туралы арызын қанағаттандырмаған соң Федералдық сотқа шағымданған. Сот өтінішті шағымданушылар "кепілге қоюға қажет бір миллион доллар қаржыны сала алмағандықтан" орындаудан бас тартқанын айтады.

Стейн сайлау учаскелеріндегі сканерлерді бұзу ықтималдығы мен кейбір заң бұзушылықтар дауыс беру нәтижесіне күмән тудырады дейді. Стейннің штабы Мичиган мен Висконсин штаттарындағы бюллетендерді де қайта санауды сұраған. Висконсин штатындағы бюллетенді қайта санау қорытындысы таяу уақытта жариялануы тиіс.

Хиллари Клинтон Дональд Трамптан сайлаушылар алқасындағы дауыс саны бойынша озу үшін үш штаттағы дауысты қайта санауда Трамптан басым дауыс алуы тиіс.

XS
SM
MD
LG