Accessibility links

Арал қаласында Назарбаевқа ескерткіш орнатылмақ


Алматыдағы Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші (Көрнекі сурет).
Алматыдағы Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысының Арал ауданында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатылады деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратқа қарағанда, 12 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов Арал ауданының қоғамдық кеңесі ауданда Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы ұсыныс енгізген.

"Қиын кезеңде Елбасы облыс тұрғындарына сенім білдіріп, облыстың қалыптасуы мен көркеюіне мүмкіндік берді, сондықтан ол кез-келген құрметке лайық. Мемлекет басшысының Арал теңізінің мәселесін шешудегі еңбегі мен ерлігін ескере келіп, облыстың қоғамдық кеңесі, облыстық "Қазақстан-2050" демократиялық күштер коалициясы мен азаматтық институттар бұл ұсынысты қолдайды" деді Имандосов.

Ол сонымен қатар облыстық қоғамдық кеңес жиынында Қызылордадағы жаңа тұрғын үйлер орналасқан шағынауданды "Нұр Орда" деп атау туралы ұсыныс та қолдау тапқанын айтқан. Себебі "бұл аудандағы құрылыстың іргетасын Назарбаевтың өзі қалаған".

Қазақстанды 1989 жылдан бері басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда және шетелде ондаған ескерткіш-мүсіндері бар.

XS
SM
MD
LG