Accessibility links

БҰҰ: Алеппода Асад күштері ондаған бейбіт тұрғынды қырып салған


Башар Асадты қолдайтын күштердің өкілдері Алепподағы ғимараттардың бірінің үстінде жүр. Сирия, 12 желтоқсан 2016 жыл.
Башар Асадты қолдайтын күштердің өкілдері Алепподағы ғимараттардың бірінің үстінде жүр. Сирия, 12 желтоқсан 2016 жыл.

БҰҰ Алеппоның шығыс аудандарында президент Башар Асадты қолдайтын үкіметшіл күштердің қолынан 82 бейбіт тұрғын мерт болғанын хабарлады. Құрбандар арасында 11 әйел мен 13 бала бар.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесі сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап, президент Башар Асадтың әскері үйлерге басып кіріп бейбіт тұрғындарды "бас-көз демей өлтіріп жатқанын" хабарлады.

BBC-дің хабарлауынша, Алепппоның шығысын төрт жыл бойы бақылауда ұстаған көтерілісшілер толық күйрей жеңілуге шақ тұр. Олардың бақылауында Алеппоның шығысындағы тек бірер кварталы қалған.

БҰҰ мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті Сирия үкіметі мен Ресейді Алеппоны бомбалауды тоқтатып, бейбіт тұрғындардың қауіпсіз түрде эвакуациялануына мүмкіндік жасауға шақырып жатыр.

Бұған дейін әскерилер Reuters агенттігіне көтерілісшілерді Алеппоның шығысындағы барлық аудандардан ығыстырып шығарғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG