Accessibility links

Трамп ExxonMobil басшысын мемлекет хатшысы етпек


Рекс Тиллерсон
Рекс Тиллерсон

АҚШ-тың жаңадан сайланған республикашыл президенті Дональд Трамп жаңа үкіметтің мемлекет хатшысы етіп Ресей президенті Владимир Путинмен жеке таныс, оның қолынан "Достық" орденін алған, ExxonMobil компаниясының төрағасы Рекс Тиллерсонды таңдап алды.

Трамптың транзит әкімшілігі таратқан мәлімдемеде: "Тиллерсон геосаясатты терең түсінетін тәжірибесі мол маман" ретінде мақталады. Ресми ақпаратқа сәйкес 64 жастағы Тиллерсонның мемлекет хатшысы болып тағайындалуын АҚШ-тың осы қызметті атқарған Джеймс Бейкер мен Кондолиза Райс сияқты республикашыл тұлғалары қолдап шыққан.

2013 жылы Ресей президенті Владимир Путин "энергетика секторында ынтымақтастықты күшейткені үшін" деп Рекс Тиллерсонға "Достық" орденін табыстаған.

Бірақ АҚШ Конгресіндегі екі партияның да мүшелері Тиллерсоннан Ресеймен байланысы туралы сұрау алынғанын қалайды. Бұл хабар алғаш шыққан дүйсенбі күні Тиллерсонның кандидатын Мәскеу құптайтынын білдірген.

XS
SM
MD
LG