Accessibility links

Халықаралық бобслей және скелетон (шанамен сырғанау) спорты федерациясы алда Ресейде болатын әлем біріншілігін осы елдегі допинг дауына байланысты басқа елде өткізетінін хабарлады. Бірнеше күн бұрын халықаралық сарапшылар жаңа есебін жариялап, 2014 жылы Сочидегі Қысқы олимпиадада жүлде алған ресейлік 15 спортшының, оның ішінде екі олипиада чемпиондарының сынамалары әдейі ауыстырылғанын мәлімдеген. Бобслей мен скелетоннан әлем біріншілігі қайда өтетіні әзірге белгісіз.

Федерация мәлімдемесінде Ресейде допингті қуаттайтын мемлекеттік бағдарлама барын дәлелдейтін айғақтардың көбейіп келе жатқанын тікелей меңземеген. Дегенмен, құжатта әлем біріншілігін өткізу орнын ауыстыру - "барлық елдің атлеттері мен жаттықтырушыларына түрлі дау-дамай мен негізді, негізсіз айыптаулар тағылатын шараға емес, шынайы спорт жарысына қатысуына" мүмкіндік жасаудың бірдер-бір жолы екені айтылады.

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков федерация шешімін саясиланған және негізсіз деп атаған.

Бұған дейін 2017 жылы ақпанда Ресейде өткізіледі деген әлем біріншілігіне қатысудан бас тартпақ спортшылар саны артып келеді. Жарыстың Ресейде өтуіне қарсы спортшылар арасында АҚШ пен Ұлыбританиядан шыққан олимпиада чемпиондары да бар. 11 желтоқсанда Латвия скелетон құрамасы Ресейдегі біріншілікке байкот жариялаған.

AzattyqTV

Мектеп бітірушілердің көбі шетке кетпек
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG