Accessibility links

Австрия ЕО-ның Түркиямен келіссөзін тоқтатуды талап етті


Түркия мен Еуропа одағының тулары (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағының (ЕО) елдері Австрия одаққа Түркияның қосылуы жөніндегі келіссөзді тоқтатуды талап еткен соң Еуропа комиссиясының жаңа ұсыныстарына келісе алмады.

Брюссельде 13 желтоқсанда өткен кездесуде Түркияның, Балқан түбегінің батысындағы елдер арасынан ЕО-ға мүше болғысы келетін үміткерлерге арналған ұсыныстарды мақұлдау жоспарланған. Келіссөз кезінде Австрия Түркиядағы бүліктен соң азаматтық қоғам өкілдеріне қарсы қудалаудың күшейгеніне байланысты Анкарамен келіссөзді тоқтатуды талап еткен.

Қарашада Еуропа парламенті келіссөзді тоқтатуға шақыратын қарарды мақұлдаған. Словакия сыртқы істер министрі Мирослав Лайчактің мәлімдеуінше, Брюссельдегі кездесуде ЕО-ның 27 мемлекеті ұсыныстарды қолдап, бір ел ғана қарсылық танытқан.

Дипломаттар Азаттықпен әңгімесінде бұл келіспеушіліктер Түркияның ЕО-ға қосылу процесін бұрынғыдан да баяулата түсетінін мәлімдеді. Олар келіспеушіліктердің Балқан түбегі елдеріне, оның ішінде Сербия мен Черногорияға салқыны тимейтінін, бірақ ол ЕО-ның бұдан ары кеңею ниеті жоғын білдіруі мүмкін екенін айтты.

XS
SM
MD
LG