Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бүгін ресми сапармен Астана келді. Бұл туралы хабарлама Нетаньяху кеңсесінің Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды. Израиль премьері Астанаға жұбайы Сара Нетаньяхумен келген. Астанаға сапарына дейін Нетаньяху жолай Бакуге соғып, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездескен.
Нетаньяху Израиль премьер-министрі қызметінде Қазақстанға бірінші рет келіп отыр.
Нетаньяху Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, қазақстан-израиль бірлескен бизнес форумына қатыспақ.