Accessibility links

Павлодарда Ертіс өзеніне салынған жаңа көпір ашылды


Ертіс өзені үстінен салынған, Павлодар мен Ақсу қалаларын жалғайтын көпір. 14 желтоқсан 2016 жыл.
Ертіс өзені үстінен салынған, Павлодар мен Ақсу қалаларын жалғайтын көпір. 14 желтоқсан 2016 жыл.

Павлодарда бүгін Ертіс өзенінің үстінен салынған жаңа көпір ашылды. Құрылысы үш жылдан астам уақыт салынған көпір - Орталық-Шығыс автожолының бір бөлігі саналады. Бұл көпір арқылы өтетін автожол Ақсу мен Павлодар қалаларын тікелей жалғап, екі аралықтағы жолды қысқартады.

Көпірдің ашылуына Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, энергетика министрі, бұрын осы облысты басқарған Қанат Бозымбаев қатысты. Олар көпірден көліктердің жүруіне жол ашты. Көпірдің ашылуы кезінде қатысушылардың бірі ауа-райы жаңбырлы болып тұрғанын білдіріп, "Жаңбыр жауып тұр" деген. Оған Бозымбаев "Нұр жауып жатыр" деп жауап қайырған.

Ертіс өзені үстіндегі көпір құрылысы 2013 жылы басталған. Ресми ақпар бойынша, нысанды салуға 84 миллиард теңге (шамамен 254 миллион доллар) жұмсалған.

Биыл қыркүйекте президент Нұрсұлтан Назарбаев көпір құрылысына келіп кеткен. Көпірге келген кезінде Назарбаев қаланың байырғы тұрғындарының бірі көпірді "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" деп атауды ұсынған. Назарбаев ол ұсыныспен келіскен.

XS
SM
MD
LG