Accessibility links

"Президент серіктеріне" де мерейтойлық медаль тапсырылды


Теміртау қаласындағы Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығы жанында металлургтерге орнатылған ескерткіштегі бейнелердің бірі. 5 маусым 2015 жыл.
Теміртау қаласындағы Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығы жанында металлургтерге орнатылған ескерткіштегі бейнелердің бірі. 5 маусым 2015 жыл.

Бүгін Қарағанды қаласында кезінде президент Нұрсұлтан Назарбаевпен Теміртауда бірге жұмыс істеген бір топ адамға "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл "мерейтойлық медалі табыс етілді. Медаль тапсырылғандар арасында 72 жастағы Қуаныш Омашев, 76 жастағы Ермек Төлеубаев пен Виктор Никонов, 78 жастағы Тоқтархан Искаков, 75 жастағы Алтынбек Асанов, 81 жастағы Нина Вахитова бар. Олардың барлығы бір кездері Назарбаевтың еңбек жолы және партиялық қызмет мансабы басталған Теміртау қаласында тұрады.

Бүгін марапатталғандардың кейбірі кезінде Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Теміртауда металлургия факультетінде немесе Днепродзержинскідегі училищеде бірге оқыған, кейбірі Назарбаевпен бірге Қарағанды металлургия комбинатында немесе партия жүйесінде жұмыс істеген. Билік оларды "президент серіктері" деп атайды. Қуаныш Омашев пен Нина Вахитова - Теміртау қаласының құрметті азаматтары.

- Мерейтойлық медаль Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен жас мемлекетіміз жеткен жетістіктердің шынайы нышаны. Сіздер өздеріңізге жүктелген міндеттерді адал атқарып жүрсіздер және алға жылжуға үлес қосып келесіздер, - деді медаль тапсыру рәсімінде Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Қарағанды облысында осы мерейтойлық медальмен барлығы 1150 адам марапатталған.

XS
SM
MD
LG