Accessibility links

Ауғанстан: Экс-губернатор Достумды азаптады деп айыптады


Ауған саясаткері Ахмад Ишчи үйінде сұхбат берген кезінде аяғындағы азаптаудан түскен деген жарақатын көрсетіп тұр. Кабул, 13 желтоқсан 2016 жыл.
Ауған саясаткері Ахмад Ишчи үйінде сұхбат берген кезінде аяғындағы азаптаудан түскен деген жарақатын көрсетіп тұр. Кабул, 13 желтоқсан 2016 жыл.

Ауғанстандағы уәлаяттардың бірінің бұрынғы губернаторы Ахмад Ишчи Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Достумды өзін азаптауға бұйрық берді деп айыптады. Ахмад Ишчи Достумның адамдары өзін ұрлап әкетіп, күштеп ұстағанда азаптауға ұшырадым дейді. Өткен айда Ишчиге Достумның адамдары соқтығып, кепілге алғаны туралы хабарланған. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани бұған қатысты "мұқият тексеру жүргізуге" уәде берді.

Ишчи Азаттықтың Ауған редакциясына Достумның бұйрығы бойынша өзін автоматтың дүмімен ұрып, азаптағанын айтты. Достум 1990 жылдардағы азаматтық соғысында өзінің жасағын басқарып, қатыгез командир ретінде танылған. Ол кезінде әскери қылмыс жасаған болуы мүмкні деген күдікке де ілінген. Достум Ишчидің сөзін жоққа шығарып, оны жала жапты деп айыптады. Ишчидің өзі Достум адамдарына өзін қорлап, оқиғаны суретке түсіруге бұйырды дейді.

XS
SM
MD
LG