Accessibility links

Германия ондаған ауғандықты депортациялады


Берлиндегі Бранденбург қақпасы алдында аштық жариялап отырған ауған босқындары. Германия, қазан 2016 жыл.
Берлиндегі Бранденбург қақпасы алдында аштық жариялап отырған ауған босқындары. Германия, қазан 2016 жыл.

Германия босқын мәртебесін беруден бас тартылған ауғандық 50 шақты мигрантты елден депортациялады. Босқындардың қорғаушылары жүздеген демонстрант билікті депортацияны тоқтатуға шақырып жтқан тұста депортацияланатын адамдар отырған ұшақ Франкфурт әуежайынан ұшып шыққанын хабарлады.

Германия өткен жылы 900 мыңға тарта босқын қабылдаған. Олардың көбі Ауғанстан, Сирия және Ирактан шыққан. Германия билігі босқындар легін алдымен босқын мәртебесіне барынша лайық деп танылғандарға пана беру арқылы азайтпаққа талпынып жатыр. Босқын мәртебесі көбінесе соғыс болып жатқан Сириядан шыққандар ілігіп жатыр. Билік сонымен қатар Балқан түбегінің экономикалық жағдайы төмен елдерінен келгендерді еліне қайтару шараларын күшейтуде.

Ауғанстанның кейбір аймақтары салыстырмалы түрде алғанда қауіпсіз деп саналатындықтан бұл елден шыққан мигранттар жедел түрде босқын мәртебесі берілетіндер қатарына кірмейді. Билік босқын мәртебесін беруден бас тартылған ауғандықтарды Германия аумағынан өз еркімен кетіп қалуға ынталандырып жатыр.

Германияда биыл алғашқы жарты жылда Ауғанстанның 18 азаматы елден шығарылған. Ал елден өз еркімен кету туралы ескерту 12 мыңнан астам ауғандыққа берілген.

XS
SM
MD
LG