Accessibility links

Талғат Аянның анасы бас прокурордан баласын босатуды сұрады


Талғат Аянның анасы Ұлдай Айназарова "Халық батыры" қоғамдық сыйлығымен марапаттау рәсімінде сөйлеп тұр. Алматы, 15 желтоқсан 2016 жыл.
Талғат Аянның анасы Ұлдай Айназарова "Халық батыры" қоғамдық сыйлығымен марапаттау рәсімінде сөйлеп тұр. Алматы, 15 желтоқсан 2016 жыл.

Атыраулық белсенді, жер митингісіне қатысқан соң сотталған Талғат Аянның анасы Ұлдай Айназарова бас прокурор Жақып Асановқа ұлының сотына қатысты арыз-шағым білдірді. Бұл туралы ол бүгін Алматыда Талғат Аян мен Макс Боқаевты "Халық батыры" атағымен марапаттау шарасында айтты.

Айназарова алдымен ұйымдастырушылар мен шараға жиналғандарға өзін қолдағаны үшін алғыс білдірді. Бұдан соң ол Жақып Асановқа қарата соттағы әділетсіздік жайлы айтты. "Жақында баласының сотталғанына наразы әйел прокуратура алдында өзін-өзі өртеп өлді. Сонда әділдікке жету үшін мен де өртеніп өлуім керек па?" деді Айназарова. Бұдан соң соттағы өзі байқаған "әділетсіздіктер мен кемшіліктер" жайлы айтты.

"Асанов мырза, мені анаңыз деп есептеп, өзіңіздің де балаңыз барын елестетіп, баламды қамаудан шығарып беріңізші!" деп өтінді.

Марапаттау шарасын ұйымдастырушы, белсенді Жанболат Мамай "Бұл өтініш Асановқа ғана емес, одан да жоғары тұрған, шешім қабылдауға қатысты жоғары адамдарға да қатысты" деді.

XS
SM
MD
LG