Accessibility links

Бердімұхамедов Түркіменстан президенттігіне ұсынылды


Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті
Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 2017 жылы ақпанда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды. Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігінің (TDH) 14 желтоқсанда хабарлауынша, бұл туралы биліктегі Демократиялық партияның Ашғабадтағы жиынында жарияланған.

Биыл күзде Бердімұхамедов конституцияға президент өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартатын және кандидаттың жасы 70-тен аспауы тиіс деген норманы жоятын түзетулерге қол қойған.

Түркіменстанда президент сайлауы 2017 жылдың 12 ақпанына белгіленген. Президенттікке кандидат ұсыну 14 желтоқсанда басталған. TDH-ның ақпаратына қарағанда, алдағы бірнеше күнде Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясы және Аграрлық партияның президенттікке ұсынатын кандидаттары белгілі болмақ.

Бердімұхамедов бес миллион халқы бар Түркіменстанды 2006 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG