Accessibility links

Савченко: Сепаратистермен тұтқын алмасу жөнінде келістім


Надежда Савченко.
Надежда Савченко.

Украина Жоғарғы Радасының депутаты Надежда Савченко ресейшіл сепаратистермен бір украин сарбазына төрт сепаратист тұтқынды айырбастау туралы келіскенін мәлімдеді.

"Біз осылайша тұтқын алмасуға уағдаластық. Тізім бойынша украин жағынан 226 адам, сепаратистер жағынан 52 адам алмастырылады" деді Савченко "Громадське" телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Савченконың 7 желтоқсанда Минскіде өзін-өзі жариялап алған Донецк және Луганск "халық республикаларының" жетекшілерімен құпия кездескені белгілі болған. Кездесуде тұтқын алмасу жайы талқыланған. Бірақ ол кезде украин депутаты сепаратистерге ешқандай уәде бермегенін айтқан.

Кездесуден соң Украина қауіпсіздік қызметінің тергеушілері Савченкодан жауап алған. Жоғарғы Раданың кейбір депутаттары оны сатқындық жасады деп айыптайды. Савченко мүше "Батькивщина" фракциясы мұндай кездесулерді құптамайтынын білдірген. Президент Петр Порошенко Савченконың сепаратистермен байланысуы оның өзіне де, Украинаға да пайдалы емесін мәлімдеген.

Надежда Савченко бұрын Украинаның шығысын бақылайтын қарулы сепаратистермен тікелей келіссөз жүргізу керегі жөнінде бірнеше рет айтқан.

XS
SM
MD
LG